Мысыр президенті Әбдел Фаттах әс-Сиси елде үш айға төтенше жағдай енгізді. Бұған Танта және Александрия қалаларында жексенбіде болған екі жойқын жарылыстан 44 адамның қаза табуы себеп.
Шабуыл христиандардың діни мерекесін тойлау кезінде копт шіркеуіне жасалды. Қаскөйлер әдейі адамдар көптеп жинала бастаған кезде бомбаны іске қосқан. Бұл қантөгіс үшін жауапкершілікті «ДАИШ» ұйымы өз мойнына алды. Радикалдық топ копттарға қарсы жаңа шабуылдар жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ