Испаниядағы баскілердің «ЭТА» сепаратистік тобы сәуірдің 8-де қаруларынан толықтай бас тартпақ. Мұндай ақпаратты «Рейтер» агенттігі таратты.
Солшыл ұйым өз арсеналы сақталған құпия орындарды француз Әділет министрлігіне тапсырмақ. Дегенмен, өз еркімен қарулы күресті доғарған топпен не француз, не испан үкіметі келіссөз жүргізбеген.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ