Табиғи апаттан елдің оңтүстігіндегі Мокоа қаласы ең көп зардап шекті. Қазір мұнда құрбандарды жерлеу рәсімдерімен бірге іздеу-құтқару операциялары да жалғасып жатыр.
Толассыз жаңбырдан аймақта бірнеше өзен арнасынан тасыды. Соның салдарынан жұмадан сенбіге қараған түні ел ұйқыда жатқанда, қоқыс пен лай көшелер мен үйлерді тас-талқан етті.
Бас-аяғы 43 бала қаза тапқан. Жеткіншектердің талайы ата-анасынан көз жазып қалды. Дегенмен, бүгін түскен мәліметке қарағанда, 10 шақты бала табылыпты.
Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос зардап шеккен аудандарға үш рет сапар шегіп, жауын мен тасқынға климаттың жылынуы себеп деп мәлімдеді.
Арыстан РЫСБЕК