Сирияның Хамасынан бір апта ішінде 40 мың адам босып кетті. Олардың көбі - әйелдер мен балалар. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы хабарлап отыр.
«ДАИШ» экстремистерінен босату операциясы басталғалы, бұл шаһардан халық жаппай оңтүстік пен батысқа қашты. Сонымен қатар, хамалықтар Хомс, Латакия, Тартус сияқты жақын маңдағы қалаларға да бет алған.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ