Бүгін Парижде қытайлықтар мен полицейлер қақтығысты. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, жанжал кезінде 3 тәртіп сақшысы жараланып, 35 адам тұтқындалды және де демонстранттар бір көлікті өртеп жіберген.
Қытайлықтардың шеруге шығуына Париждің солтүстік-шығысында олардың жерлесінің полиция қолынан қаза табуы себепші. Айтуларынша, құқық қорғау қызметкерлері балық тазалап отырған жазықсыз қытайлықты мерт қылған. Алайда, полицияға сенсек, азиялықтың қолында қару болған.
Арыстан РЫСБЕК