Еуропадағы этникалық түріктер Түркия конституциясын өзгерту жөніндегі референдумда мерзімінен бұрын дауыс беріп жатыр. Мұндай шара Түркияның Германия мен Франциядағы дипломатиялық өкілдіктерінде басталды.
Сайлау учаскелері Австрия, Бельгия, Швейцария және Данияда да ашылған. Ең көп түрік диаспорасы, яғни осы ұлттың 1,4 миллион өкілі Германияда тұрады екен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ