Ливия жағалауында екі бірдей үрмелі қайық суға батып кетіп, 250 африкалық мигрант қаза тапты. Бұл туралы «Рейтерс» хабарлады. Құтқарушылар Жерорта теңізінен 5 адамның денесін шығарған. Қалғандары іздестіріліп жатыр.
Былтыр Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 363 мыңнан астам босқын барған. Ал, 5 мыңнан астам мигрант қауіпті жолда жан тәсілім етті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ