АҚШ президенті Дональд Трамп 2005 жылы 150 миллион доллар пайда тауып тұрып, 38 миллион доллар салық төлеген.
Ақ үй бұл мәліметті журналист Рэйчел Мэддоу Трамптың салық декларациясын қолға түсіргеннен кейін жариялап отыр.
Мұндай құжатты қожайынның рұқсатынсыз жариялау Америкада қылмыстық іс саналады. Алайда, Мэддоу бұл қадамға «қоғам мүддесі үшін бардым», дейді.
Арыстан РЫСБЕК