Германия астанасы Берлин әуежайларында ереуілге байланысты жүздеген рейс доғарылды. 25 сағаттық шеру таңда басталған. Демонстранттар жалақының жоғарылауын талап етіп жатыр.
Олар айлықтың сағатына 11 еуродан 12 еуроға дейін көтерілуін қалайды. Әуежай әкімшілігі болса, жолаушыларға ереуілден соң жол жүру қиынға соғатынын ескертіп отыр. Өйткені, рейс жүйесін реттеуге уақыт қажет.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ