Алеппода теміржол қатынасы жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алеппода теміржол қатынасы жанданды

13.03.2017
Сирияның Алеппосында теміржол қатынасы қайта жанданды. Шойын жол қала үкімет бақылауына өткен соң қайта қолданысқа беріліп отыр.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, мұнда пойызбен күніне шамамен 500-дей адам қатынайды. Тұрғындардың сөзінше, енді қаланың бір шетінен екінші шетіне жету оңай. Өйткені, көліктің бұл түрі қаланың шығысындағы аймақтарға да барады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу