Германияда балта ұстаған қылмыскер 7 адамды жаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда балта ұстаған қылмыскер 7 адамды жаралады

10.03.2017
Полиция оқиға орнында бұған жауапты деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады.

Германиядағы Дюссельдорф қаласының орталық вокзалында бір ер адам балтамен шабуылдап, 7 кісіні жаралады. Куәгерлердің сөзінше, қылмыскер пойыздан түсісімен, платформаға шығып, айналадағы адамдарға жөн-жосықсыз балтасын ала ұмтылған.

Полиция оқиға орнында бұған жауапты деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады. Оның психикалық ауытқулары болуы мүмкін. Ал, арнайы қызмет мамандары вокзал ғимаратын қоршауға алып, іште болған адамдарды қауіпсіз жерге көшірген.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу