Бірнеше штат Дональд Трамптың жаңа иммиграциялық жарлығына қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше штат Дональд Трамптың жаңа иммиграциялық жарлығына қарсы

10.03.2017
Вашингтон штатының бас прокуроры Федералдық соттан президент Дональд Трамптың жаңа иммиграциялық жарлығының күшін тоқтатуды талап етпек. Боб Фергюсонның мәлімдеуінше, оның арыз-талабын Орегон және Нью-Йорк штаттары қолдауға ниет білдірген. Ал, бір күн бұрын Гавайи штаты сотқа жаңа көші-қон заңын алып тастау туралы өтініш берді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу