«Арамтамақтық» туралы заңның күші тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арамтамақтық» туралы заңның күші тоқтатылды

10.03.2017
Құжат түзетіліп, бір жылдан кейін қайта күшіне енбек.

Беларусь президенті Александр Лукашенко «Арамтамақтық туралы» жарлықтың күшін уақытша доғарды. Құжат түзетіліп, бір жылдан кейін қайта күшіне енбек. Ал, кәсіпсіз жүргені үшін 230 еуро көлемінде салық төлеп қойғандар жұмысқа шықса, бұл қаражат қайтарылады.

Тұрғындар «Арамтамақтық туралы» заңға қарсы шығып, бірнеше мәрте ірі наразылық акцияларын өткізді. Шерушілер жарлықтың күші уақытша тоқтатылғанына риза болғанымен, оны мүлдем алып тастау талабынынан бас тартпайтындарын мәлімдеп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу