Президент Дутерте «ажал отрядтарын» құрған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Дутерте «ажал отрядтарын» құрған

06.03.2017
Мұны бүгін бұрынғы полиция офицері Артуро Ласканас сенатта өткен тыңдалымда мәлімдеді.

«Филиппин президенті Родриго Дутерте бір кездері «ажал отрядтарын» құрып, 200-дей адамды өлтірген». Мұны бүгін бұрынғы полиция офицері Артуро Ласканас сенатта өткен тыңдалымда мәлімдеді.

Оның сөзінше, Дутерте ауыр қылмысқа Давао қаласының мэрі болып тұрғандда барды. Былтыр қыркүйекте тағы бір экс-полицей мемлекет басшысын дәл осылай айыптаған еді. Филиппин басшысы болса, мұның бәрі жалған дейді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу