Үндістанның Махараштра штатында 60-тан асқан әйелдер үшін мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Махараштра штатында 60-тан асқан әйелдер үшін мектеп ашылды

06.03.2017
Үндістанның Махараштра штатында жасы 60-тан асқан әйелдер үшін мектеп ашылды. Оқушы әжелер форма ретінде қызғылт түсті ұлттық киім киіп жүреді. Сонымен қатар, олар күнделікті сабағын дұғадан бастайды екен. Егде жастағы әйелдердің көбі дәріс ала бастаған соң, өздеріне деген сенімділік пайда болғанын айтады. Сондай-ақ, олар өзгелермен хат алмасу үшін тезірек жазуды үйренуге асық.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу