Мосулдың батысынан мыңдаған адам қашып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мосулдың батысынан мыңдаған адам қашып жатыр

27.02.2017
Иракта Мосулдың батысын алу операциясы басталғалы мыңдаған адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Олардың 1200-і жексенбі күні босып кеткен.

Халықтың көбі осы уақытқа дейін «ДАИШ» радикалдардың «қаруы» ретінде ұсталып келіпті. Яғни, экстермистер тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланған. Осыған байланысты, Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеме жасап, алдағы уақытта 400 мың мигрант қаланың батысынан қашуы мүмкін деп ескертті.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу