Ким Чен Ынның інісі аса токсинді газдан уланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ынның інісі аса токсинді газдан уланған

24.02.2017
Мұны Малайзия полициясы мәлімдеді.

Солтүстік Корея лидері - Ким Ченнің марқұм ағасы Ким Чон Нам өте улы газбен өлтірілген. Мұны Малайзия полициясы мәлімдеді. VX деп аталатын химикатты БҰҰ жаппай қырып-жою қаруы қатарына қосқан.

«Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, бұл улы зат - АҚШ, Ресей, Сирия сынды шектеулі елдерде ғана бар. Солтүстік Корея лидерінің ағасы өткен аптада Куала-Лумпур әуежайында жасалған шабуылдан кейін қайтыс болды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу