Иракта үкімет әскері Мосул әуежайы аумағына басып кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта үкімет әскері Мосул әуежайы аумағына басып кірді

23.02.2017
Бүгін Ирак қарулы күштері 4 сағат бойы ұрыс жүргізіп, Мосул әуежайын қайтарды. Бұл қала 2014 жылдан бері «ДАИШ» содырларының иелігінде.
Ирак армиясы мен федералдық полициясы АҚШ бастаған халықаралық коалицияның көмегімен Мосулды босату операциясын былтыр қазанда бастаған.

Алайда, ауа райының қолайсыздығы мен снайперлердің, жанкештілердің шабуылына байланысты әскери науқанды бірнеше аптаға тоқтатуға тура келді. Дегенмен, соған қарамастан, көне шаһардың шығысы өткен айда азат етілді.


Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу