Франция президенттігіне үміткер Марин Ле Пен Ливанға сапарында басына орамал тарпады. Сондықтан, ол жергілікті дінбасымен кездесе алмады. «Бас мүфтиге менің құрметімді жеткізе барыңыздар, бірақ, шашымды жаба алмаймын», - дейді француздың әсіре оңшыл «Ұлттық майдан» партиясының лидері. Оған бас мүфтимен жүздеспес бұрын жаулық тағу қажеттігін көмекшілері алдын ала ескерткен екен.
Арыстан РЫСБЕК