Ғалымдар Зеландия атты жаңа құрлық тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар Зеландия атты жаңа құрлық тапты

18.02.2017
Жер шарында жаңа сегізінші құрлық табылды. 10 жыл зерттеуден соң геологтар Тынық мұхиты астында Зеландия атты континент бар деген байламға келген. Ғалымдардың сөзінше, құрлықтың 94 пайызы су астында жатыр.

Ал, Жаңа Зеландия мен Жаңа Каледония аралдары оның жер бетіндегі элементтері. Геологтар өз тұжырымдарын спутниктік бақылау арқылы дәлелдеп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу