Трамптың кеңесшісі Майкл Флинн отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамптың кеңесшісі Майкл Флинн отставкаға кетті

14.02.2017
АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Майкл Флинн отставкаға кетті. Ол бұған дейін Ресей елшісі Сергей Кисляковпен желтоқсан айында санкция мәселесін талқылағанын мойындаған еді. Сол үшін Флинн Трамптан кешірім де сұрады.

1798 жылы қабылданған Логан актісі бойынша, тиісті өкілеттігі жоқ адам Құрама Штаттармен араздасқан шет мемлекеттің ресми өкілімен келіссөз жүргізбеуі тиіс.


Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу