Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы экономикалық ықпалдастық отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.
Осыған дейін ішкі сұранысты ғана қанағаттандырып келген Жамбыл облысы Қызыл жұлдыз ауылындағы макарон және ұн шығаратын фабрика енді өз өнімдерін ТМД елдерінің нарығында саудаламақшы.
Сұраныс артқандықтан, кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 48 миллион теңгеге жаңа құрал-жабдықтар орнатып, өндіріс қуатын еселеді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ