Түркияда 4,5 мың мемлекеттік қызметкер жұмысынан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 4,5 мың мемлекеттік қызметкер жұмысынан қуылды

08.02.2017
Түркия үкіметі тағы 4 жарым мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығарды. Олардың 2 жарым мыңы білім саласының, 900-дейі жандармерия және 100 шақтысы ТРТ телеарнасының қызметкерлері. Билік бұлардың барлығын шілдедегі мемлекеттік төңкеріс әрекеттерін тергеу барысында қызметінен босатып отыр.

Өткен жылы шілденің 15-інде Түркияда бір топ әскерилер билікті күшпен басып алмақ болды. Сол үшін, президент Реджеп Тайып Ердоған Америкада тұрып жатқан діни уағызшы Фетхуллах Гүленді айыптап келеді. Алайда, Гүлен өзіне тағылған кінәні мойындамай отыр.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу