«Катар әуе жолдары» компаниясының ұшағы 16 сағат 23 минут тоқтаусыз ұшып, әлемдегі ең ұзақ коммерциялық рейсті орындады. «Боинг-777» ел астанасы Дохадан Жаңа Зеландияның Оклендіне дейін 14535 шақырымды артқа тастаған. Мұны авиациялық кәсіпорын өзінің «Твиттердегі» парақшасында растады.
Арыстан РЫСБЕК