Қазақстанда АҚШ-тан әкелінетін ет көбейіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда АҚШ-тан әкелінетін ет көбейіп кетті

03.10.2014
Қазақстанда АҚШ-тан әкелінетін ет көбейіп кетті

Қазақстанда АҚШ-танәкелінетін ет көбейіп кетті. Себеп: Үкімет қабылдаған ет әкелуге деген квотаның көбеюі. Мысалы, биылғы импорт – 12,8 пайыз болған.

Қаңтар-тамыз айларында мұхиттың арғы жағынан жеткізілгенеттің жалпы көлемі 60 мың тоннаның көлемінде. Құны – 43,7 миллион доллар.

Ал, жалпы еліміздегі еттің импорты, Кедендік одақ елдерін есептемегенде – 78 мың 400 тонна болған. Оған 92,5 миллион доллар кеткен.

Ал, етті экспорттау мүлдем азайған. Қазақстанға ең көп ет тасымалдаушы АҚШ-тан кейінгі ел – Украина, Польша және Бразилия.

 

Хабарламаларға жазылу