Дональд Трамп ант беріп, қызметіне кіріскеніне бір апта болмай жатып, үлкен саяси шешімдер қабылдап, оларды құжат жүзінде бекітіп үлгерді. Соның бірі - Транс-Тынық мұхиттық серіктестіктен АҚШ-ты шығару жайында. Бұған қоса, 45-ші Президент Мексикамен арадағы шекараға қорған тұрғызу туралы қаулыға қол қойды. Сонымен қатар, Трамп Таяу Шығыс пен Африканың мұсылман елдерінің азаматтарын да АҚШ-қа кіргізбек емес. Мұндай саясатқа наразылық ретінде Құрама Штаттардың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт Ислам дінін қабылдауға әзір екенін мәлімдеді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Фариза МҰСАҚЫЗЫ