Франция президенттігіне кандидат Франсуа Фийон мемлекет қаржысын заңсыз пайдаланды деп күдіктелуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция президенттігіне кандидат Франсуа Фийон мемлекет қаржысын заңсыз пайдаланды деп күдіктелуде

26.01.2017
Қазір прокурорлар экс-премьер жұбайы Пенелопа Фийонға мемлекеттік қордан заңсыз ақша төледі деген мәліметті тексеріп жатыр.

Франциялық газеттердің бірі Франсуа Фийон 1998-2002 жылдары депутат болып тұрғанда, әйелін өзінің көмекшісі ретінде жұмысқа алған деген ақпарат таратты. Сол жылдары Пенелопаға 600 мың еуродай ақша төленген екен. Бірақ, үміткердің зайыбы бірде-бір рет жұмысқа бармаған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу