Сирия келіссөздеріне барлық тарап қатысуы тиіс - Сергей Лавров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия келіссөздеріне барлық тарап қатысуы тиіс - Сергей Лавров

17.01.2017
Келер аптада Астанада өтетін Сирия келіссөздеріне мүдделі тараптардың барлығы қатысуы қажет. Бұл туралы Мәскеу қаласында өткен баспасөз-мәслихаты кезінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда өтетін кездесудің басты тақырыбы - «Сириядағы атысты тоқтату жөнінде бір мәмілеге келу». Ал, ол үшін Астанадағы басқосуға Ресей, Түркия, Иран, АҚШ, Сирия сияқты елдердің ресми делегацияларымен бірге, Сирия аумағындағы оппозиция мен барлық қарулы топтардың өкілдері де қатысуы тиіс.


Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу