Йеменде балалар аштықтан қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменде балалар аштықтан қырылып жатыр

12.01.2017
Бүгін ЮНИСЕФ ұйымы Йеменде аштыққа ұшыраған балалар көбейіп бара жатқанын хабарлады. Олардың саны 2 миллионнан асып кеткен. Ал, британдық депутаттардың бірі Сауд Арабиясы бастаған коалиция жүргізіп жатқан әскери операцияның пайдасынан зияны зор екенін ескертті.

Шабуылдардан жүздеген аурухана мен мектеп бұзылып, қалаларда емдеу мекемелері де қалмаған. Соның салдарынан елде түрлі инфекция тарап, азық-түлік тапшылығынан балалар жаппай қырылып жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу