Оңтүстік Кореяда «Samsung» компаниясы басшысының орынбасары сотқа шақырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда «Samsung» компаниясы басшысының орынбасары сотқа шақырылды

12.01.2017
Ли Чже Ён бизнесін жеңілдету үшін Президент Пак Кын Хэнің құрбысына пара ұсынды деген күдік бар. Кейбір мәліметтерге қарағанда, «Samsung»-тың вице президенті мемлекет басшысының досы Чхве Сун Силь мен оның қызына тиесілі компанияға 18 миллион АҚШ долларын аударған.

Тергеушілерге сенсек, Корея Президенті өз құрбысының заңсыз әрекеттерін білген. Сондықтан, өткен айда Пак Кын Хэ қызметінен аластатылды. Ал, оны президенттік лауазымнан біржола босату туралы шешімді Конституциялық сот биыл қабылдауы тиіс.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу