Италияда банк ірімшік қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда банк ірімшік қабылдайды

01.10.2014
Италияда банк ірімшік қабылдайды

Банк десе, ақшаны ойлаймыз. Италияда бір банк бар. Ішінде ақша да жоқ, алтын да. Есесіне, бұндағы негізгі валюта – ірімшік.

Қоймада әлемдегі ең қымбат ірімшіктің үш жүз мың данасы тұр. Жалпы құны 200 миллион доллар болады екен.

Сейфтегі «валютаның» құндылығы сонша, банкті үш рет тонамақшы болған екен. Банктің жұмысы аса қиын да емес. Тұрғындарға 3 пайыздық үстемемен несие береді, кепілдікке ірімшік алады.  

Егер несие алушы ақшасын төлей алмай қалса, онда банк ірімшіктерді қымбатқа сатады.

Саламат ОМАШ

 

Хабарламаларға жазылу