Сочиде апатқа ұшыраған ұшақтың екінші қара жәшігі су түбінен шығарылды.
Ресейлік мамандар құрылғыны зерттеп, Қара теңізге құлап бара жатқан сәттегі ұшқыштардың соңғы сөздерін тыңдады. Әзірге белгілі болғаны, лайнердің қанатындағы ұшып-қонған сәтте ашылып-жабылып тұратын механизмдердің бірі көкке көтерілген соң жабылмай қалған. Қара жәшіктегі аудиожазба бойынша экипаж мүшесінің ең соңғы айтқаны «командир, құлап барамыз» деген сөздер. Соған қарағанда ТУ-154-тің апатқа ұшырауына техникалық ақау немесе ұшқыштардың қателігі себеп болуы мүмкін.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ