«Халықтық IPO» бағдарламасының белсенді кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Халықтық IPO» бағдарламасының белсенді кезеңі басталды

01.10.2014
«Халықтық IPO» бағдарламасының белсенді кезеңі басталды

«Самұрық Қазына» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасының белсенді кезеңін бастады. Бүгін Астанада ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «Самұрық Қазына» АҚ өзінің еншілес компаниясы «KEGOC» АҚ-ның «Халықтық IPO»-ға шығатынын ресми түрде растады.

Алдағы уақытта «KEGOC» компаниясының барлық акция көлемінің 10 пайызын қор нарығына шығаруды жоспарлап отыр. Әр акцияның бағасы мен сатылатын акциялардың нақты саны қараша айында белгілі болмақ.

Бүгінде 34 мыңнан астам қазақстандық азамат акционерге айналған.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу