Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100-ден асты

08.12.2016
Индонезияның Ачех провинциясында сәрсенбіде болған зілзаладан қаза тапқандар саны өсіп жатыр. Соңғы деректерге сай, қуаты 6,5 балдық дүмпуден 100-ден астам адам мерт болған. 700-дей тұрғын жараланғандар тізімінде.
Қазір үйінді астында қалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған еріктілер мен әскерилерді қос алғанда 1 мыңдай адам жұмылған.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу