Түрік, Ресей Сыртқы істер министрлері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік, Ресей Сыртқы істер министрлері кездесті

01.12.2016
Бір рет жанжалдасып, қайта достасқан Түркия мен Ресей Сирия мәселесінде ортақ шешім таба алмай отыр. Мәселе Сыртқы істер министрлерінің деңгейінде Аланияда талқыланды.

Түріктер Асадты тақтан тайдыруға мүдделі. Жуырда Реджеп Тайып Ердоған түрік әскерінің Сириядағы «Ефрат қалқаны» операциясының түпкі мақсаты осы екенін мәлімдеді. Ал, Мәскеу дереу Анкарадан түсінік талап етті. Кеше екі ел Президенттері телефон арқылы сөйлесіп, пікір алмасты.



Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу