Жапонияның шығыс жағалауында 7,4 магнитудалы жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның шығыс жағалауында 7,4 магнитудалы жер сілкінді

22.11.2016
Зілзаланың ошағы Фукусима префектурасындағы Иваки қаласынан 67 шақырым жерде анықталды. Жергілікті билік халықты жаппай эвакуациялап жатыр. Әзірге зардап шеккендер мен ғимараттардың бұзылуы жайында ақпарат түскен жоқ. Сондай-ақ, цунами қаупінен «Фукусима-2» атом электр станциясының кейбір бөлігінде жұмыс тоқтатылды.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу