Президент Реджеп Ердоған: Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрамында жұмыс істеу әлдеқайда қолайлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Реджеп Ердоған: Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрамында жұмыс істеу әлдеқайда қолайлы

21.11.2016
Түркия Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына өту үшін әзірге ресми өтініш берген жоқ. Мұны Ресей Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Бахтиер Хакимов мәлімдеді.

Айта кету керек, бұған дейін Президент Реджеп Тайып Ердоған Өзбекстан мен Пәкістанға сапарында өз елі үшін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрамында жұмыс істеу әлдеқайда қолайлы деген еді.

2001 жылы құрылған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді.


Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу