Ресей Хомс және Идлиб қалаларында Сирия Үкіметіне қарсы күштерге кең ауқымды операция жүргізіп жатыр. Ресейлік СУ-33 ұшақтары әскери операцияға алғаш қосылған «Адмирал Кузнецов» крейсері палубасынан аттанып жатыр. Сонымен бірге, қанатты «Калибр» зымырандарын тасушы «Адмирал Григорович» фрегаты мен «Бастион» жағалау ракеталық кешені де тартылған.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, әскери кемелерден «ДАИШ», «Джебхат-аш-Шам» радикалдық ұйымдарының бекіністеріне оқ жаудырылған.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, әскери кемелерден «ДАИШ», «Джебхат-аш-Шам» радикалдық ұйымдарының бекіністеріне оқ жаудырылған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ