Республика бойынша ең жоғары жалақыны Маңғыстау облысында алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика бойынша ең жоғары жалақыны Маңғыстау облысында алады

26.09.2014
Республика бойынша ең жоғары жалақыны Маңғыстау облысында алады

Өткен айда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 121 763 теңге болыпты. Ең жоғары айлықты тау-кен өндірісіндегі жұмыскерлер алады. Олардың айлықтары 264 теңге көлемінде.

Ғылыми-техникалық салада 230 мың, ал қаржы және сақтандыру саласындағылар 206 мың теңге алады. Біз бұл жерде жоғары лауазымды қызметтегілерді қосып тұрғанымыз жоқ.

Ал, ең төменгі жалақы ауыл, орман, балық шаруашылығында екен. Орташа 64 900 теңге. Ең жоғары айлықты Маңғыстау облысында алады. Мұнда орташа көрсеткіш – 237 мың теңге. Ал, жалақысы аз аймақ – Солтүстік Қазақстан облысы - 79 мың 100 теңге.

Саламат ОМАШ

 

Хабарламаларға жазылу