Кабулдағы екі террорлық акт салдарынан, нақтыланған мәлімет бойынша 30 адам қаза тауып, 90 адам жараланды. Бұған дейін 24 адам мерт болғаны айтылған, деп хабарлайды РИА новости «TOLO News» телеарнасына сілтеме жасап.
Әскерилердің мәлімдеуінше, Ауғанстан астанасында орналасқан Қорғаныс министрлігі ғимараты жанында екі жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Қаза болғандардың қатарында жоғары шенді әскери қызметкерлер, оның ішінде Ауғанстан президенттік қызметі жетекшісінің орынбасары Заман Ахмадзаи бар.
«France Press» агенттігінің хабарлауынша, терактіні «Талибан» радикалды қозғалысы өз мойнына алды.