Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамында қалу не қалмауын анықтайтын референдум аяқталды. Оның нәтижесі Лондон уақыты бойынша таңертең сағат 7-де жария етіледі.
Қазір дауыс беру санағы жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сай, корольдіктің ЕуроОдақ құрамынан шығуын қолдайтындардың саны «Брекситке» қарсылардың даусынан асып түскен. Референдумда ЕуроОдақтан шығуды жақтайтындардың саны басым түскені белгілі болғаннан кейін британдық фунт стерлинг долларға қатысты күрт арзандап кетті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ