Атырауда Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысы өтеді

26.09.2014
Атырауда Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысы өтеді

29-шы қыркүйекте Атырау қаласында Ресей мен Қазақстан іскерлік кеңесінің отырысы өтеді. Бұл жиында біздің елдің өнімін Ресейге экспорттау мәселесі қаралады.

Мұнан бөлек Қазақстанның және көрші елдің экспорттаушы ірі кәсіпорындарының тізімін жасау мәселелері талқыланбақ. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті.

Кәсіпкерлер палатасының өкілі бұл іс-шара Ресей мен Қазақстан компанияларының байланысын мықтайды, көзбе-көз пікір алмасудың арқасында бизнесмендер жақын танысып, олардың бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі молаяды. Мұның соңы екі елдің арасындағы инвестиция, сауда айналымына серпін береді дейді.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу