Британдық British Home Stores сауда желісі 11 мың қызметкерін жұмыстан қысқартуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британдық British Home Stores сауда желісі 11 мың қызметкерін жұмыстан қысқартуы мүмкін

26.04.2016
Британдық British Home Stores сауда желісі 11 мың қызметкерін жұмыстан қысқартуы мүмкін
Британдық British Home Stores әмбебап дүкендер желісі банкротқа ұшырап, 11 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Саудаға шығарылған бизнестің жаңа қожайыны табылмайынша, ол әкімшіліктің басқаруына тапсырылады.

BHS-тың алғашқы дүкенін америкалық кәсіпкерлер 1928 жылы ашқан болатын. Қазір оның Ұлыбритания бойынша 164 сауда нүктесі бар.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу