Зырян қаласында әлеуметтік дүкен ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зырян қаласында әлеуметтік дүкен ашылды

24.09.2014
Зырян қаласында әлеуметтік дүкен ашылды

Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында әлеуметтік дүкен ашылды. Онда осы өңірдегі шаруа қожалықтарының өнімдері тұтынушыларға арзан бағамен сатылады. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер бүгінде алғашқы өнімдерін саудаға шығаруда.

Қазір бұл жерде 4 несиелік серіктестіктің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылуда. Ет, сүт, өсімдік майы, бал және көкөністер бағасы, өзге жерлермен салыстырғанда, 15-20 пайыз арзан.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу