Қазақстан – АҚШ ынтымақтастығы арта түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – АҚШ ынтымақтастығы арта түспек

23.09.2014
Қазақстан – АҚШ ынтымақтастығы арта түспек

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керриге шақыру билетін табыстады.

Ерлан Ыдырысов Нью-Йорктегі сапары аясында «Боинг», «Шеврон», «Ситигруп» сияқты белгілі компаниялардың өкілдерімен кездесті.

Джон Керри Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайтынын жасырған жоқ.

АҚШ – қазақстандық экономиканың басты инвесторларының бірі. Елімізде америкалықтардың қатысуымен 300 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Былтыр тауар айналымы 9 пайызға артып, 2,8 миллиард долларға жеткен. АҚШ-тың Орталық Азия елдеріне салған инвестициясының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу