Әлем нарығында мұнай бағасы төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем нарығында мұнай бағасы төмендеді

31.03.2016
Әлем нарығында мұнай бағасы төмендеді
Бұған АҚШ-тағы отын қорының 80 жылдан бері рекордтық деңгейге көбеюі себеп.

Әлем нарығында мұнай бағасы арзандап барады. Бүгін Лондон биржасындағы Brent маркалы энергетикалық шикізаттың бір баррелі 38,81, ал Нью-Йоркте WTI – 37,67 долларға сатылған.

Бұған АҚШ-тағы отын қорының 80 жылдан бері рекордтық деңгейге көбеюі себеп. Өткен аптаның қорытындысына сай, Америкада мұнай резерві тағы 2,3 миллион баррельге өскен.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу