Мысырда басып алынған ұшақтың адамдары босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда басып алынған ұшақтың адамдары босатылды

29.03.2016
Мысырда басып алынған ұшақтың адамдары босатылды
Кипр Сыртқы істер министрлігі өзінің твиттердегі парақшасында жазғандай, лайнердің бағытын күштеп өзгерткен адамның аты-жөні Сейф әд-Дин Мұстафа. Ол Каир университетінің профессоры.

Бұған дейін ұшақты Ибрахим Самаха деген адам басып алды деген хабар тарағанды. Бірақ, Самаханың өзі бұл мәліметті жоққа шығарып, жолаушы екенін айтқан.

Мысырдың «EgyptAir» компаниясының ұшағы елдің Александрия қаласынан мемлекет астанасы Каирге аттанысымен Кипрге әкетілді. Оның бортында қалған 7 адам әлі босатылған жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу