Мысыр жолаушылар ұшағын қарақшылар басып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысыр жолаушылар ұшағын қарақшылар басып алды

29.03.2016
Мысыр жолаушылар ұшағын қарақшылар басып алды
Мысыр жолаушылар ұшағын қарақшылар басып алды

Мысырдың EgyptAir компаниясына тиеселі А320 ұшағына қарақшылық шабуыл жасалды. Александриядан Каирге ұшуға тиіс ұшақты қарақшылар басып алған. Сөйтіп, ішкі рейстерге арналған ұшақты Кипрдің Ларнак қаласына қонуға мәбүрледі.

Жаһандық ақпарат құралдары қазір бұл ұшаққа қатысты түрлі деректер таратуда. Бірқатар масс-медиа ұшақ бортында 81 адамның болғанын хабарласа, тағы бір ақпарат құралдары 55 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болғанын айтып жатыр. Әзірге нақтыланған дерек ұшақтың Кипрге қонғаны болып отыр.

Ал, ұшақты кімдердің басып алғаны туралы нақты дерек жоқ. Тек жолаушы ретінде ұшаққа мінген бір азаматтың жарылғыш зат орналытған белбеуі бар екендігін айтқаны, сол арқылы қорқытып ұшақты басқа жаққа бұрып әкеткені туралы ғана ақпараттар тарап жатыр


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу