Түркия крематорий өндіретін елдердің қатарына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия крематорий өндіретін елдердің қатарына кірді

29.03.2016
Түркия крематорий  өндіретін елдердің қатарына кірді
Түркия крематорий  өндіретін елдердің қатарына кірді

Түркияның Сивас қаласындағы кәсіпкерлер крематорий пештерін өндіруді бастаған. Осылайша түрік елі әлемде крематорий пештерін жасайтын бесінші мемлекет болып отыр.

Деректерге қарағанда Түркияда өмірден өткен соң мүрделерін өртеуді тапсырған адамдардың саны 8 мыңнан асыпты. Олар өсиеттерін қалдырып, арнайы құжаттарға қол қойып та үлгерген. Ал, Түркия заңдарында өлікті өртеуге нақты шектеу қойылмаған.

Өмірден өткен адамның мүрдесін өртеу құны қазір Түркияда шамамен 1500 доллар көлемінде болып отыр. Ал, түрік кәсіпкерлері өндіре бастаған крематорий пештерінің бағасы Түркияда 150 мың долларға бағаланған. Бірақ, экспортқа шығарылған кезде құны 300 мың долларға жететін көрінеді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу