Күрдтер теракт үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрдтер теракт үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды

17.03.2016
Күрдтер теракт үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды
Бірнеше күн бұрын Түркияда лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 11 адам қамауға алынды.

«Күрдістанның азат қаршығалары» ұйымы Анкарада 37 адамның өмірін қиған жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды. Содырлардың интернетте жариялаған мәлімдемесінде олардың осы теракт арқылы түрік қарулы күштерінің күрдтерге қарсы операциясы үшін кек алғаны жазылған.

Бірнеше күн бұрын Түркияда лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 11 адам қамауға алынды. Тағы 10 адамға іздеу салынған.
Түркия астанасына наурыздың 13-де шабуыл жасалды. Сол күні жанкештілер сауда орталығы маңында ұрланған көлікке қойылған бомбаны іске қосты.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу